Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қарағанды-Ақадыр учаскесіндегі вагондар жолдан шығып кетті

Қарағанды-Ақадыр учаскесіндегі вагондар жолдан шығып кетті

28 желтоқсанда сағат 07: 45-те Қарағанды-Ақадыр учаскесінің Қарабас станциясында жүк пойызының 19 вагоны рельстен шығып кетуі орын алды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Алдын ала мәліметтер бойынша, вагондардың жолдан шығып кетуі жеке меншік иесіне тиесілі бірінші астық тасымалдаушы доңғалақ жұбының кептелісіне байланысты болды. Орын алған жағдайды тексеру үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да арнайы комиссия құрылды.

Осы учаскедегі пойыздар қозғалысы көрші жолмен ұйымдастырылған. Қарағанды, Құлайғыр станциялары бойынша екі жолаушылар пойызы кідірілді.

Вагондардың жолдан шығуы салдарын жою үшін Қарағанды, ЖаңАрқа, Астана станцияларының үш қалпына келтіру пойызы тартылды.


Фото: АО "НК "ҚТЖ"