Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Шымкентке қар қалың түсті

Шымкентке қар қалың түсті

Шымкенттегі қар қалыңдығы 30 см-ден асты. Екі күн ішінде көктайғақтан құлап, дәрігерлердің көмегіне жүгінушілерде екі есеге көбейді.

Екі күн ішінде Шымкентте 30 см-ге жуық қар жауды. Аспаннан түскен ақ ұлпа қар әлі де жауып жатыр. Қалада көктайғақтан көлік қозғалысы қиындаған. Дегенмен, қазір коммуналдық сала қызметкерлері жолдарды ашу жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, көктайғақтан құлап, жарақат алған тұрғындардың қатары артқан.

«Біздің жарақат бекетіне келіп жатқан науқастардың саны күрт өсті. Кеше және бүгін 57 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Көпшілігінің қол-аяқтары сынған. Сол үшін аса қажеттіік болмаса үйден шықпаңыздар» - дейді Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханадағы жарақат бекетінің дәрігер-травматологы Нұрлан Әбдіхалықов.

Синоптиктердің айтуынша қар ертеңге дейін жауады. Күн райы да аязды болмақ. Қаладағы ауа-райы түнде -24,-26, ал күндіз -13,-15 градусқа дейін төмендейді.

Ал, Түркістан облысының солтүстік аумағында -31-ге дейін, ал Оңтүстік аудандарында - 20 градусқа дейін салқындайды.


Фото: inform.kz