Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Тоқаев Универсиадада өнер көрсеткен Қазақстанның студенттер құрамасын құттықтады

Тоқаев Универсиадада өнер көрсеткен Қазақстанның студенттер құрамасын құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев ХХХI дүниежүзілік қысқы универсиадада табысты өнер көрсеткен Қазақстанның студенттер құрамасын құттықтады

– Сіздердің жарқын жеңістеріңіз күллі жанкүйер қауымға зор қуаныш сыйлады. Дүниежүзілік қысқы универсиадада сіздер шеберлік пен жеңіске деген ерік-жігердің бірегей үлгісін көрсеттіңіздер. Байрақты бәсекеде жастарымыз ел сенімін ақтап, алтын, күміс және қола медальдарға ие болды. Спортшыларымыздың мұндай жоғары нәтижеге қол жеткізуіне жаттықтырушыларымыз елеулі үлес қосты.  Елімізде бұқаралық және балалар спортын дамытуға барлық жағдай жасалып жатыр. Құрама командамыздың Универсиада ойындарындағы тамаша өнері мыңдаған жасты жігерлендіріп, жеңістерге бастайтыны анық, – деп жазылған құттықтау хатта.

Президент Қазақстанның студенттер құрама командасының биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.


Фото: inbusiness.kz