Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына 12 миллионға жуық адам қатыса алады

Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына 12 миллионға жуық адам қатыса алады

19 наурызда өтетін Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына 12 миллионға жуық адам қатысып, дауыс бере алады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылды. Ең көп сайлаушылар Түркістан облысында. 1 млн 177 мың. Ал электорат саны ең аз аймақ Ұлытау облысы. 138 мыңнан аса адам сайлауға қатыса алады. Егер де азаматтар өзінің тұрғылықты жерінен басқа жерде дауыс беруді қаласа, онда 17-ақпанға дейін әкімдіктерге өтініш беруі керек. Ал 4 наурыздан бастап сайлаушыларды учаскелер бойынша тізімі көпшілікке қолжетімді болмақ. Кез келген адам оны алдын-ала тексере алады. Комиссия өкілдерінің айтуынша, бұл саяси дода кезінде 10 мың 215 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Дегенмен, олардың саны науқан жақындаған тұста өзгеруі де әбден мүмкін.

*****

Өткен тәулікте елімізде 46 адамнан коронавирус анықталған. 24 қаңтардағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 1 790 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың ішінде 139 пациент стационарда, 1 698 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, - деп хабарлайды ДСМ БҚ. КВИ шалдыққандардың арасында 5 адам хал үстінде жатыр.
  *****

Мьянмада құлдықтан сытылып шыққан екі Қазақстан азаматы елге жеткізілді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров журналистерге арналған брифингте мәлімдеді. Оның айтуынша, олар еңбек құлдығына тап болған. Екі азаматтың құлдықтан қашып шығуына жергілікті тұрғын жәрдемдескен. Кейіннен екі отандасымыз Сыртқы істер министрлігіне хабарласып, Бангкокқа жеткізілген. Онда азаматтардың Таиландтық визасының мерзімі өтіп кеткендігі анықталып, бір тәулік ішінде жаңадан құжат әзірленген. Айта өтейік, өткен жылдың жаз маусымынан бері еңбек құлдығына тап болған 14 отандасымыздың елге оралуына Қазақстанның Тайландтағы елшілігі көмектескен.
*****
Елімізде шетелдік автокөліктерді заңдастыру науқаны басталғалы 2000-нан астам өтінім мақұлданған. Бұл 23-қаңтар сағат 18:00-дегі ақпарат. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, әрбір өтінім жеке қаралады. Қосымша сұрақтар туындаған автокөлік иелеріне қажетті ұсыныстар беріледі. Халыққа қызмет көрсету орталықтары сағат 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Заңдастыруға өтінімді е-gov.kz электрондық үкімет порталы, екінші деңгейлі банктердің қосымшалары, Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы беруге болады. Ереже бойынша автокөлік Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген болуы керек, қылмыстық есепте болмауы тиіс, басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы қажет.
*****
Екі мыңнан астам оқушы робототехникадан іріктеу чемпионаттарына қатысады. Бұл туралы Оқу а-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі жазды. Ақпанның 24-26 аралығында Астанада өтетін Ұлттық кезеңнің жеңімпаздары ел намысын қорғауға Хьюстонға, АҚШ-қа барады. Биылғы жарыс энергия тақырыбы аясында өтіп жатыр. Роботтарды бағдарламалау мен құрастырудан бөлек, балалар инновациялық жобалармен айналысады. Өңірлік кезеңге өту үшін әрбір команда әлеуметтік желілерде көптеген тапсырмаларды орындады, соның ішінде балалар түрлі энергетикалық станцияларға барып, репортаж жасап, сарапшылардан сұхбат алды, - деді USTEM Robotics қорының жетекшісі Асылбек Мурзахметов. Балалардың еңбектерін #FIRSTKZ2023 хэштегі арқылы инстаграм желісінен тамашалауға болады.


Фото: sputniknews.kz