Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Жезқазған - 103,10FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Су тасқыны кезеңіне дайындық: су тасқынымен күреске 35 мың адам жұмылдырылады

Су тасқыны кезеңіне дайындық: су тасқынымен күреске 35 мың адам жұмылдырылады

"Өңірлер  су тасқынына толық дайын емес. Бұл туралы Үкімет отырысында  Үкімет басшысы айтты.  Ауа райы болжамына сәйкес, алдымыздағы ақпан айында оңтүстікте ауа температурасы мен жауын-шашын нормадан жоғары болуы мүмкін. Сондықтан оңтүстік өңір әкімдіктері осы бастан су тасқынына қарсы жұмыстарды күшейтулері керек", - деді Әлихан Смайылов.

*****

Үкімет басшысы барлық өңір әкімдері қарды уақытылы шығаруды қадағалау керек екенін айтты.  Әлихан Смайылов тағы бір маңызды мәселе – тасқын кезінде жолдардың шайылып кетуі мен бұзылуына да тоқталды.

*****

Көктемгі су тасқынымен күреске 35 мың адам жұмылдырылады. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты. «35 мыңнан астам адам, шамамен 11 мың техника, 12 Қазавиақұтқару әуе кемелері, 700-ден астам жүзу құралдары және 3 мыңнан астам мотопомпа бар күштер мен құралдар топтамасы  дайындалады», - деді ол. Министрдің атап өтуінше, өңірлердің су тасқынына әзірлік дәрежесі Қарағанды қаласында басқарма штабымен бірге «Көктем-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу  кезінде тексерілді.

*****

Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова  атап өткендей Ақпан мен наурыз айларында күн күрт жылынса су тасқыны болуы мүмкін.

*****

Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына шыққан еліміздің  бірінші ракеткасы Елена Рыбакина  отандық теннисшілерден алғаш рет жекелей сында әлемдік рейтингіде ТОП-10-ға енуге жақын тұр.  Ол қазір 25-тен 12-орынға көтерілді. Егер Рыбакина финалға шықса, онда үздік ондыққа кіреді.  Бұдан  бұрын хабарлағанымыздай Аустралия чемпионатында Елена Рыбакина  алғаш рет жартылай финалға шыққан еді.


Фото: Ашық дереккөз