Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Министр «АрселорМиттал» компаниясына қатысты пікір білдірді

Министр «АрселорМиттал» компаниясына қатысты пікір білдірді

«АрселорМиттал» қызметін тексеруге қатысты материалдарды  дайындаймыз. Бұл туралы Үкімет отырысынан соң Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова айтты.

"Тексерісті жүргізетін компанияны таңдаймыз. Бізге бірнеше ұсыныс келіп түсті, оларды мұқият қарастырамыз. Өйткені, тексеріс сапалы жүргізілуі керек. Осы аптада компанияны таңдап, содан соң «АрселорМиттал» қызметін тексеруге қатысты материалдарды әзірлеп жібереміз. Тексеріс құны компанияның баға ұсынысына қарай анықталады", - деді ведомства басшысы.

Айтуынша, айыппұл соммасы әлі нақтыланған жоқ.

"Сома тексерісті жүргізетін компания өткізетін іс-шараға байланысты белгіленетін болады", - деді Зүлфия Сүлейменова Үкімет отырысынан кейін.


Фото: sputnik.kz