Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елордада «Екінші Республика құрылысшысының күнделігі» атты кітапша жарық көрді

Елордада «Екінші Республика құрылысшысының күнделігі» атты кітапша жарық көрді

Елімізде жеңілдетілген автонесие беру ережелері өзгермек. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі хабарлады. Марат Қарабаевтың айтуынша қазір жұрт 4 пайызбен машина алу үшін алдымен автосалонға барып кезекке тұрады. Енді бағдарлама операторы бұл механизмді өзгертуді жоспарлап отыр. Оған сай азаматтар бірінші автосалонға емес, Өнеркәсіпті дамыту қорында электронды кезекке тұрмақ. Әрі несие көлемі 10 миллион, ал көлік бағасы 15 миллион теңгеге дейін болуы мүмкін. Бағдарламаға қымбат көліктер кірмейді деген министр ереженің қалай өзгеретіні жайлы осы апта белгілі болады дейді.

*****
Өткен тәулікте елімізде 72 адам коронавирус инфекциясын жұқтыған. 25 қаңтардағы мәлімет бойынша, 1 750 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 117 пациент стационарда, 1 633 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ шалдыққандардың арасында 6 адам хал үстінде жатыр.
*****
Елімізде шетелдік автокөліктерді заңдастыруға орай Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі өзгерді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалынан хабарлағандай, автокөліктерді заңдастыру бойынша мемлекеттік қызмет көрсететін мамандандырылған ХҚО-лары дүйсенбі және сенбі күндері аралығында сағат 9:00-ден бастап 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Осы жұмыс кестесі бойынша орталықтар келушілерді 2023 жылдың 6 ақпанына дейін қабылдайды.
*****
Елордада «Екінші Республика құрылысшысының күнделігі» атты кітапша жарық көрді. Ол жұмыс аптасын тиянақты жоспарлау мақсатында жас шенеуніктерге арнайы әзірленген. Оның авторы – «Жаңа адамдар» қозғалысының мүшесі –  Нарбек Қожахметов. Күнделіктің ерекшелігі сол, жазу жолағымен қатар, ондағы әр парақ – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы жолдауындағы  дәйексөздерімен басталады. Қазіргі таңда кітапшаның 500-ге жуық данасы басып шығарылған. Оны аталған қозғалыс мүшелері жуырда тағайындалған жас министрлерге, сондай-ақ депутаттар мен судьяларға табыстайтын болады.
*****
Оңтүстік Кореяның Чеджу аралында 22 экипаж мүшесі бар жүк кемесі суға батып кетті, - деп хабарлайды Yonhap агенттігі. Экипаж мүшелерінің 14-і Корея, 8-і Мьянма азаматы. Гонконгта тіркелген Jin Tian кемесі ағаш тасыған. Жағалау күзетінің мәліметінше, екі экипаж мүшесі құтқарылған, қалғандары іздестіріліп жатыр.
*****
Ербол Хамитов парашаңғыдан әлем чемпионы атанды. Бұған дейін отандасымыз әлем чемпионатының алғашқы күні парабиатлоннан қола жүлдеге ие болған. Парашаңғы және парабиатлоннан әлем чемпионаты Швецияның Эстерсунд қаласында өтіп жатыр. 21-Жарыста 18 мемлекеттен 102 спортшы өнер көрсетуде.


Фото: liter.kz