Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Жезқазған - 103,10FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жаңа Сенат депутаттарына куәлік табыс етілді

Жаңа Сенат депутаттарына куәлік табыс етілді

Дене шынықтырумен айналысатын балалар саны 2 есе көбеюі керек.  Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов айтты. «Бұл қолымыздан келетін міндет. Ол үшін бірлесіп жағдай жасауға тиіспіз. Мемлекеттік спорттық тапсырысты тиянақты іске асыру маңызды», - деді Алтай Көлгінов Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында. Ол атап өткендей Спортты дамытуға арналған жаңа тұжырымдама қажет.  «Ол жаңа құжатта бүкіл көрсеткіштер, мақсат-міндеттер көрсетілуі тиіс. Жалпы  алдағы 7 жылдық мерзімде қандай нәтижеге қол жеткізуіміз керектігі тұжырымдамада белгіленуі керек» , - деді Үкімет басшысының орынбасары.

*****
Бүгін Орталық сайлау комиссиясы жаңадан сайланған 31 Сенат депутатын ресми тіркеп, куәлік табыс етті.  Сенат басшысы ретінде орнын босатқан Мәулен Әшімбаев   қайта төраға болып тағайындалуға қатысты  тілшіліредің сұрағына  жауап берді.  «Заңға сәйкес Сенат спикерінің кандидатурасын Президент ұсынады, содан кейін депутаттар дауыс береді» , - деді Мәулен Әшімбаев. Сенатор  атанған  Жақып Асанов өзіне үлкен сенім артылып отырғанын жеткізді.

*****

ЖОО-лар мен жұмыс берушілердің арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында жасалған рейтинг  үш негізгі блокқа біріктірілген.  Бұл туралы Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова айтты.  Комитет төрағасы ЖОО-лардың білім беру бағдарламаларының сапасы мен өзектілігі туралы сөз қозғап,  Жұмыс берушілердің қанағаттануы 67%-ға жеткенін айтты.

*****

Алматыда тұмау мен жіті респираторлық вирусты инфекция жұқтырғандар саны артты. Өткен аптада Алматыда вирусты инфекцияның 13 мыңнан астам  жағдайы тіркелді. Бұл туралы  қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты.  Оның сөзінше, мегаполисте 8 860 бала ауырып жатыр, бұл жалпы науқастың 64 пайызына тең. Жалпы эпидемиологиялық маусымда Алматыда барлығы  тұмаудың 343 417 жағдайы тіркелді.

*****

Биыл  СҚО-да көктемде су тасқыны болуы мүмкін.  Өңір  тәуекел санатында.  Солтүстік Қазақстан облысында көктемгі су тасқынын болжау мақсатында қар жамылғысындағы ылғал мөлшері өлшеніп жатыр. Көрсеткіш көпжылдық орташа мәннен 15 % жоғары, кей ауданда тіпті екі есе көп. 23-26 қаңтар аралығында СҚО-дағы өзен бассейндерінің маңында, жыраларда қарда жиналған су қоры анықталып жатыр. Қардағы су қорын және күздегі жауын-шашынның топырақтағы мөлшерін талдай отырып, су басу қаупі бар аймақтарға алдын-ала бағалау жүргізілді.

*****

«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін елордада Ресейдің «Северсталь» командасына қарсы өткізеді. Аталған ойын елорда уақытымен сағат  19:30-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Екі команда бұған дейін 28 мәрте кездесті. Оның 15-і «Барыстың» басымдығымен аяқталды. Қазір турнир кестесінде елу алты ойыннан кейін 53 ұпайға қол жеткізген «Барыс» 19-орында келеді.


Фото: Ашық дереккөздерден