Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Өңірлік коммуникация әлеуеті артады

Өңірлік коммуникация әлеуеті артады

Дәстүрлі БАҚ жыл сайын трансформацияға ұшырауда.

Өңірлік басылымдардың әрқайсысына сайт ашу көзделіп отыр. Салалық және облыстық басылымдарының тарифтерін өсіру бойынша заңнамаға түзетулер енгізіліп жатыр. Газет керек болмаса, оған миллиондаған қаржы бөлінбес еді дейді сарапшылар. 2016 жылы Қазақстанда екі мыңға жуық БАҚ тіркелген болса, қазір бес мыңнан асады. Оның 70%-ға жуығы баспа басылымдары.

Жыл санап басылым тиражы азайып барады. Жас буын мүлдем газетке назар аудармайды. Форумға қатысушылар осы фактілер бойынша тарихи-танымдық бағытта жұмыс жасап жатқан ақпарат құралдарын жоғалтып алмау керек десе, басқасы газет өлді деп дискуссияға түсуде.


«Жаһандық БАҚ арасында баспа құралдарының орны ерекше. Баспасөз құралдары жыл санап өсіп жатқандықтан, оның арасынан баспаны жоғалтып алмауымыз қажет. . Аталмыш медианың болашағы зор. Минстрлік жергілікті басылымдардың әлеуетін көтеруге жағдай жасау үшін бірнеше ұсыныстар қараcтырылып жатыр. Оқырмандардың саны мен таралымын көбейту басты міндетке қойылады», - дейді Алтай Көлгінов.

Осы ретте Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі өзінің баяндамасында бірінші кезекте журналистердің әлеуметтік жағдайын қалыптастыру керек дегенді алға тартты. Министр жалақы емес, қаламақының тарифін көбейту керек дейді. Оның айтуынша, басылымдардың көпшілігі қаржыландырудың аздығынан жекеменшікке өтеді.


«Форумға дайындық барысында өңірлердегі басылымдарға барып жай күйін көріп қайтқанбыз. Біз баспа істерін мемлекеттік және жергілікті деп бөлмейміз. Себебі әрқайсысы халықты ақпараттандырады. Барлығы дерлік әлеуметтік желілерге көшкендіктен бұл бағыт бәсеңдеп қалды. 2019 жылдан бері өңірлерге бөлінетін тарифтер өзгермеген. Алдағы уақытта тарифтерді өсіру қарастырылады. Ендігі тарифтер ұлғайып, журналистерге әлеуметтік көмектер қарастырылатын болады. Жаңа заң халыққа ұсынылды, қолдау тапса медиа саласының мамандарының деңгейі жаңа бір сатыға көтеріледі», - деді ол.

Жаңадан қабылдаған «Масс-медиа заңы» кәсіби журналистің қоғамдағы орнын айқындайды. Сонымен бірге ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі заңға түзетулер енгізілді. Ұсынылған өзгерістер азаматтарға ақпарат алуда жауапкершілігі мен құқығын кеңейтеді. Әрбір басылымның сайтпен жұмыс жасау міндеттелетін болады. Газет қызметкерлері мен тв мамандарының деңгейін теңестіру керек. Заң аясында журналистерге әлеуметтік көмек берілуі мүмкін.