Қазақстанда балалар қандай үйірмелерге барады

2021 жылы 2 689 609 оқушы үйірмеге барған. 2020 жылмен салыстырғанда үйірмеге қатысатын оқушылар саны 508 мыңға өсті.
Балалар ең көп барған үйірмелер:
- Көркем сурет-эстетика - 309 мың бала;
- Волейбол - 237 мың бала;
- Футбол және тіл үйірмелеріне (әрқайсысы 213 мың адамнан) қатысқан.
Балалар аз барған үйірмелер:
- Теннис - 77 мың адам
- Экология - 67 мың адам;
- Күрес - 43 496 мың адам;
- Туризм және өлкетану - 32 мың адам.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қысқы спорт түрлерімен байланысты үйірмелерге баратын балалар саны азырақ (12 мың адам).
Қазақстанда үйірме саны 2020 жылы 87 460-тан 2021 жылы 113 752-ге дейін өскен.
Фото: egemen.kz