Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстандық құтқарушыларды тағы бір объектіге тарту туралы шешім қабылданды

Қазақстандық құтқарушыларды тағы бір объектіге тарту туралы шешім қабылданды

Бұл - іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатқан учаскелердің жанында орналасқан толығымен қираған үй.

Бұл нысанда ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының кинологиялық есептобының Джейкоб есімді иті тірі адамның үйінділердің астында болуы мүмкін екендігі туралы сигнал берді.

Джейкобтың сигналы негізінде “тыныштық минутын” жариялау туралы шешім қабылданды. Бұл уақыт көмек сұраған кезде адамдардың үйінділердің астындағы дауыстарын естуге арналған.

Джейкоб - нағыз дос, малинуа тұқымының иті. Төтенше жағдайға тап болған адамдарға қаншама рет көмектескен. 6 жыл бойы құтқарушы болып жұмыс істейді.


Фото: ТЖМ