Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жеке бренд қалыптастыру

Жеке бренд қалыптастыру

"Нарық” хабарының бүгінгі хабары “Жеке бренд қалыптастыру” тақырыбына арналды.

Хабарға түрақты спикер бизнес тәлімгер, инфожобалар менеджері, маркетолог, продюсер Жәнібек Әл-Тарази қатысты.

Қазіргі кезде бизнес дөңгелетіп,табыс табам деген кəсіпкер, мүмкіндігінше жеке бренд қалыптастыруды көздейді. Өйткені заман талабы сол. Тұтынушылардың 82%-ы компанияның бас директорына, не əлеуметтік желіде танымалдылыққа ие болған компанияның басқарушысына сенеді. Солардың 77%-ы компанияның бас директоры мен команданың басқарушысының танымалдығына ғана қарап сатып алады. Тіпті кəсіпқой бизнесмендердің 78%-ы əлеуметтік желімен белсенді жұмыс атқаратын, біршама танымалдылыққа ие компаниялармен ғана жұмыс жасайды.

"Статистикада көрсеткендей, тұтынушының көбісі əлеуметтік желіде жүргізілген жеке бренд пен компанияға көбірек сенім білдіреді ”, - дейді студия қонағы - инфо маркетолог, продюсер Жәнібек Әл-Тарази.

Толығырақ, төмендегі аудиотаспадан тыңдай аласыздар.

Бағдарламаны эфирге дайындап, жүргізген жүргізуші - редакторы Ләззат Тиышбекқызы.