Түркияға кеткен құтқарушылар елге оралды

Газиантеп қаласындағы жойқын жер сілкінісінің салдарын жою жұмылдырылған қазақстандық құтқарушылардың екінші эшелоны Отанына аман-есен оралды.
ТЖ министрі Юрий Ильин және Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Экиджи құтқарушыларымызды күтіп алды және атқарған жұмысы үшін алғысын білдірді.
Қазақстан ТЖМ құтқарушыларының күшімен 7 адам құтқарылды. Қаза тапқан 88 адамның денесі шығарылды.
Фото: ТЖМ