Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

1 наурыз «Алғыс айту» күні. Қазақ радиосы тікелей эфирде «Мың алғыс» радиомарафонын өткізеді

1 наурыз «Алғыс айту» күні.  Қазақ радиосы тікелей эфирде «Мың алғыс» радиомарафонын өткізеді

1 наурыз - Алғыс айту күніне орай Қазақ радиосы тікелей эфирінде 10 сағат бойы радиомарафон өтеді. Қоғамды ізігілік пен «Алғыс айту» күнінің мән-маңызын ашатын радиомарафон биыл 5-рет ұйымдастырылмақ. Бұл туралы Қазақ радиосы хабарлайды.

Мысалы,  «Мың алғыс» қайырымдылық шарасы аясында 2018 жылы зағип сәби Арман Ардақұлына 2 940 000 теңге көлемінде көмек көрсетілсе, 2019 жылы көмекке мұқтаж бірнеше адамға 19 836 000 теңгеге көмек көрсетілген. Оның ішінде Әділет Арыстан есімді баланың еміне және 4 отбасыyа баспана кілті табысталған. 2020 жылы Самат Ақбергеновтің еміне жанашыр жандардаың қолдауымен 19 388 450 теңге көмек көрсетілді.     

2021 жылы 1 наурызда радиомарафйон аясында Зарина Ниязбектің еміне 6 912 064 теңге, Ләйлә Бахтыбаеваға 6 348 865 теңге, радиожурналист Бағдат Мұхтарұлына 4 855 859 теңге, Балнұр мен Нұрислам есімді кішкентай бүлдіршіндердің еміне 5 008 553 теңге көлемінде қайырымдылық жасалды.

Жалпы 4 жылдың ішінде «Мың алғыс» радио хабары мен аталған хабардың қорытынды есеп беру кеші ретінде өтетін дәстүрлі марафон аясында 255 103 826 теңге көлемінде көмек көрсетілген.

1 наурыз күні 9.00 ден 19.00 өтетін «Мың алғыс» радиофарафонына жақсылық жасап алғысқа бөленген кейіпкерлер мен ерекше кәсіп иелері, құтақрушылар, спорт саңлақтары мен өнерпаздар және тұрақты радио тыңдаушылар қатысады.