Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақ радиосынан жаңа «Ақорда» мен «Үкімет» хабары шығады

Қазақ радиосынан жаңа «Ақорда» мен «Үкімет» хабары шығады

Қазақ радиосында ақпараттық-сараптамалық контент үлесі артты. Эфирге «Ақорда» мен «Үкімет» хабары шығады.

Қазақ радиосы жаңа маусым қарсаңында ақпараттық контентті күшейтуге басымдық бермек. Тәуліктік эфирлік уақыттың 25 пайызға жуығы ақпараттық-сарапатамалық форматтағы хабарлармен толықпақ.

Серіктестіктің стратегиялық даму жоспарына сай радиоарналардың басымдықтары айқындалған. Оғай сай Қазақ радиосы ақпараттық-сараптамалық контентке басымдық берсе, Шалқар радиосының мазмұны ұлттық құндылықтар бағытына бет бұра бастаған. Мысалы, 14 наурыздан бастап, Қазақ радиосының эфирінен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүктеген тапсырмалар мен реформалардың мән-мағынасын түсіндіруге арналған «Ақорда» хабары және ҚР Үкіметі жұмысына арналған «Үкімет» хабары әуе толқынына шықпақ. Биліктің тағы бар тармағы заң шығарушы орган Парламентке арналған «Парламент сағаты» хабары да жаңарған форматпен тыңдаушыға жол тартады.

Сондай-ақ, Қазақ радиосынан 1 ақпаннан бастап күн сайын «Жаһан жаңалықтары» айдарымен хабар шыға бастады. «Эфирге шығатын ақпарат Reuters, Associated Press, BBC секілді әлемдік ақпарат агенттіктерінен жазылу қызметі (подписка) бойынша алынады. Жедел және шынайы ақпарат алу «Қазақстан» РТРК» АҚ – ның аталған агенттіктермен келісім аясында қол жетімді болып отыр.

Айта кету керек, Қазақ радиосы елдегі тарату ауқымы бойынша ең ірі радиостанция және «ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ» ЖШС құрамына кіреді сондай-ақ радиоарналар рейтингінде ТОП-3 ішінде. 2022 жылы Серіктестік құрамынан Ақпараттық-сараптау қызметі (редакция) құрылып, ақпараттық контенттің үлесі кезең-кезеңімен 10% дан 22% дейін артқан.