Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Жезқазған - 103,10FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазынадан автожолға 30 млрд теңге бөлінді

Қазынадан автожолға 30 млрд теңге бөлінді

Бұл туралы ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Биыл республикалық бюджет қаражатынан 30 млрд теңге бөлінді. Оның есебінен жыл соңына дейін автожолдың бүкіл ұзындығы бойынша қозғалысты қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта нысандарда ағымдағы құрылыс маусымына жол-құрылыс материалдарын дайындау жұмыстары жүргізілуде, - деп атап өтті ведомство өкілі.

Айтуынша, былтыр республикалық желі бойынша барлығы 11,6 мың шақырым жол жұмыстарымен қамтылған.

Оның ішіндегі 4 мың шақырымы құрылыс және реконструкциямен қамтылып, соның 1,2 мың шақырымында негізгі жұмыстар аяқталды. Күрделі және орташа жөндеумен 3 мың шақырым жол қамтылды, 679 шақырымы аяқталды. Реконструкциялау бойынша жұмыстар 17 жобада жүргізілуде, олардың аясында 2024 жылға дейін іске асыру мерзімімен 3,6 мың шақырым жол қамтылатын болады, - деді Амангелді Бек.

Еске сала кетейік, бұған дейін ел аумағында 100 мың шақырымға жуық автомобиль жолы бар екендігі  туралы жазған болатынбыз.


Дереккөз: baq.kz