Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Жезқазған - 103,10FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Биыл 11 мың шақырым автожол жөнделеді

Биыл 11 мың шақырым автожол жөнделеді

Бұл туралы ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Айтуынша, биыл құрылыс-монтаж жұмыстарымен 11 мың шақырымдай автожол қамтылады.

Биыл құрылыс-монтаждау жұмыстары жалпы пайдаланымдағы 11 мың шақырымнан астам автожолда жүргізілуде. Бұл – республикалық желінің 7 мың шақырымы және жергілікті желінің 4 мың шақырымы. Республикалық желі бойынша 3,6 мың шақырымда құрылыс және реконструкция жұмыстары жалғастырылады, соның 856 шақырымын аяқтаймыз, - деп атап өтті комитет басшысының орынбасары.

Сонымен қатар ол күрделі және орташа жөндеумен 3,4 мың шақырым жол қамтылады деп отыр.

Жергілікті автожолдар желісінде жөндеудің барлық түрлерімен 4 мың шақырым жол қамтылмақ, соның 3 мың шақырымы аяқталады. Жыл қорытындысы бойынша нормативтік жағдайдағы жолдардың үлесі республикалық желі бойынша 92 пайызға және жергілікті желі бойынша 87 пайызға дейін жеткізілетін болады, - деді Амангелді Беков.


Дереккөз: budport.com.ua