Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Тоқаев бай мен кедей арасы алшақтай түскенін ескертті

Тоқаев бай мен кедей арасы алшақтай түскенін ескертті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Парламентінің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде бай мен кедей арасындағы алшақтықты ескертіп, жаңа Парламенттің алдына міндет қойды.

Өз сөзінде Президент алдымызда айрықша маңызды міндеттер тұрғанын айтты. Біз жан-жақты жаңғырту жұмысын күшейтуіміз қажет. Сондай-ақ, әлеуметтік-экономикалық даму барысына тың серпін беруіміз керек. Еліміз ұзақ уақыт бойы қолайлы сыртқы ахуалға арқа сүйеп келді. Неше түрлі тұжырымдамаларға, бағдарламаларға сенді. Атқарылған жұмыс туралы жалған есепке сенуге мәжбүр болды, деді Мемлекет басшысы.

"Алайда, аса маңызды, өзекті мәселелер назардан тыс қалды. Халықтың тұрмыс сапасы әлі күнге дейін жақсы емес. Құқықтық әділетсіздік белең алды. Бай мен кедейдің арасы алшақтай түсті. Алдағы бес жылда Үкімет және Парламент осы негізгі мәселелердің шешімін табуы қажет. Біз еліміздің белдеуін бекемдеп тартуымыз керек", - деді Мемлекет басшысы.

Президент экономикада және әлеуметтік салада жылдар бойы жиналып қалған түйткілдер бар екенін айтты.

"Оның барлығын ретке келтіруіміз қажет. Сол үшін жұрттың бәріне бірдей жаға бермейтін, бірақ тиімді әрі қажетті шешімдер қабылдау керек болады", - деді Тоқаев.


Фото: massaget.kz