Мәжілісте комитеттердің төрағалары сайланды

Мәжілістің VIII шақырылымының депутаттары комитеттер санын анықтап, олардың төрағалары мен құрамын сайлады.
Аграрлық мәселелер комитетіне "Ауыл" партиясының мүшесі Серік Егізбаев басшы болды.
Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті – Amanat партиясынан депутат Снежанна Имашева.
Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті – Amanat партиясының депутаты Айгүл Құспан.
Қаржы және бюджет комитеті – Amanat партиясының депутаты Мәди Тәкиев.
Экология және табиғатты пайдалану комитеті – Amanat партиясынан депутат Еділ Жаңбыршин.
Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті – Amanat партиясынан депутат Нұртай Сабильянов.
Фото: sn.kz