Сәтбаев пен Сәрсекеев

Қаныштанушы Медеу Сәрсекеев Қазақ радиосына сұхбат берді. Жазушы Медеу Сәрсекеевтің Сәтбаев мұрасын дәріптеп, еңбектерін зерделеуімен айналысқанына алпыс жылға жуықтапты. Ол Қаныш Сәтбаев жайлы 19 кітап жазды.
Сәтбаевтың есімімен қала да, көше де, оқу ордасы да аталды. Астанадағы ең биік ескерткіш те – Қ. Сәтбаев ескерткіші.
Дегенмен, ғасыр ғұламасының құрметіне тұрғызылған ең үлкен ескерткіш Медеу Сәрсекеевтің 80-жылдары 100 мың тиражбен ЖЗЛ сериясымен жарық көрген «Сәтбаев» еңбегі болса керек.
Бұл кітаптың жарыққа шығуы М. Сәрсекеевтің «Қуғындалған Сәтбаев» кітабында жан-жақты жазылған.
Бұл тоқсанның төріне аяқ басқан қарт қаламгердің Қазақ радиосына берген алғашқы сыр сұхбаты. "Арнайы хабар" Қаныш Сәтбаевтың туған күні қарсаңында әуе толқынына шықты.
Хабарда Қаныш Сәтбаев атындағы Халықаралық қордың қамқоршылар кеңесінің төрағасы, Парламент Санатының депутаты Алтынбек Нұхұлы мен ғалым, публицист, профессор Серик Негимовтің де пікірлері берілген.
Хабардың мәтінін жазған Д. Абибуллаев, мәтінді дыбыстаған А. Еңсебайұлы, дыбысын қадағалаған Қайсар Тұрмағамбет.