Өнер мен ғылымды ұштастырған қазақ Оксфордта оқып жүр
Рахат-Би Әбдісағын әлемге әйгілі оқу орнында физика мен музыканың байланысын зерттеуде. Мақсаты - кванттық физика мен заманауи музыканың ара қатынасына терең үңілу.
Жерлесіміз Оксфорд университеті Вулфсон колледжінің арнайы шақырумен келген. Мақсаты кванттық физика мен замануи музыканың ара қатынасына терең үңілу. 100-ге жуық профессор оның еңбегін жоғары бағалап қана қоймай, қазақ ұлының ғылымда белгілі бір нәтижеге қол жеткізіп жүргендігінде тілге тиек етті.
Рахат-Би келер жылдың көктемінде Шотландияның 4 ірі шіркеуінде авторлық операсының тұсауын кеспек. Шығарма Англия мен Шотландияның орта ғасырлық тарихы туралы сыр шертеді.
Фото: almaty.tv