Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ел мерейі – Астана

Биыл Қазақ елі тәуелсіздігінің символы, әсем қала Астананың бой көтергеніне 25 жыл толады. Тарих үшін қас-қағым сәт болғанымен, осынау аз ғана жыл ішінде, елордамыз дәулеті тасып, сәулеті асқан, жаһандағы сұлу шаһарлардың біріне айналды. Тарихқа сәл шегініс жасап, елорданың жылнамасына көз жүгіртер болсақ, 1997 жылдың 20 қазанында арнайы жарлықпен Ақмола қаласының қазақ елінің астанасы болып жарияланған күні еске түседі.
Иә, сол жылдың қара күзінде Астана төріне республикамыздың мемлекеттік нышандары жеткізілді. Міне, осы сәттен бастап Алатаудың бөктеріндегі ару қала Алматыда қоныстанған мемлекеттік органдар ат басын Арқа төсіне бұрды. Ал, 1998 жылдың 10 маусымында жаңа астананың халықаралық тұсаукесері өтті.
Эфир барысында Астананың елдің экономикалық, саяси орталық ретіндегі рөлі, елімізге құйылатын шетелдік инвестициялар үшін тартымды болуы туралы баса айтылды.
Спикерлер: ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі, саясаттанушы Зұлфұхар Ғайыпов, Экономика ғылымдарының кандидаты, сарапшы Сапарбай Жобаев, "Tortay engineering" ЖШС бас сәулетшісі Байғұтты Тортай.
Хабар жүргізушісі: Азамат Жомартұлы.