Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Жезқазған - 103,10FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Оқу жылы неліктен ұзартылды?

Оқу жылы неліктен ұзартылды?

Елімізде оқу жылы 34 аптадан 36 аптаға дейін ұзартылды. Осыған сәйкес оқу жылы 31 мамырда аяқталады.

«Бұл шешімнің басты себептері: балалардың отбасында көбірек уақыт өткізуіне қатысты ата-ана өтініштеріне байланысты 5 күндік оқу аптасына көшу; оқушыларға жүктемені азайту жөніндегі сарапшылар ұсыныстары; оқу аптасының ұзақтығын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына сәйкестендіру. Әлемдік тәжірибеге назар аударсақ, ЭЫДҰ елдерінде оқу жылы 40 аптаны құрайды», - деді Ғани Бейсембаев

Министр әлем оқушыларының жазғы каникулда 77 күн ғана демалатынын, ал біздің елде 13 апта немесе 90 күн демалыс белгіленгенін атап өтті.

Қазақстан мектептерінде 3,7 млн астам оқушы биылғы оқу жылын аяқтайды, 172 мың түлек мектеп бітіреді.