Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Еліміздің бірнеше өңірінде «Тағзым» рухани-тағылымды іс-шарасы өтті

Еліміздің бірнеше өңірінде «Тағзым» рухани-тағылымды іс-шарасы өтті

31 мамыр «Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық  құрбандарын еске алу күні» датасына орай «Respublica» партиясы бірнеше өңірде бір уақытта «Тағзым» рухани-тағылымды іс-шарасын өткізді.

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына тағзым етіп, тарихи тұлағалардың еңбегі мен есімдерін дәріптеу  мақстында өтетін тағылымды шараға «Respublica»  партиясының  тең төрағалары, орталық аппарат басшылығы, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі және жергілікті мәслихаттардағы партия атынан сайланған депутаттар, аймақтық филиал басшылары, партияның белсенді жақтастары және жастар қатысты.



Ұлт тарихының қанмен боялған жылдарын еске алуға арналған «ТАҒЗЫМ» шарасы аясында партияның барлық өңірдегі өкілдері сағат таңғы 8.00 де  саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған монументтер мен ескерткіштерге және тағзым тақталарына гүл шоқтарын қойып, құрбандарды 1 минут үнсіздікпен еске алып, тарихи естеліктер айтты.

Партияның орталық іс-шарасы Астана қаласында  Қаламгерлер аллеясындағы «Алаш арыстары» ескерткішінен бастау алып, «1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына тағзым» ескерткіш монументінің алаңында жалғасын тапты.



«Respublica» партиясының өңірлегі мүшелері де тағылымдық шара аясында өткен ғасырдың 30-жылдарында болған нәубет жылдар мен қанды қуғын-сүргіннің салдарын ұлттық мүдде тұрғысынан зерделеу маңызды екенін айтып, ұлт зиялыларының есімдері мен еңбектері жайлы тарихи естеліктер айтты.


«Respublica» партиясының Баспасөз қызметі