Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Келер жылдан бастап жұмыс берушілер қызметкерлеріне қосымша зейнетақы төлейді

Келер жылдан бастап жұмыс берушілер қызметкерлеріне қосымша зейнетақы төлейді

Келесі жылдан бастап жұмыс берушілер қызметкерлері үшін қосымша зейнетақы жарнасын төлейді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл салымшылардың зейнетақы табысын арттыруға септігін тигізеді дейді. Яғни, ай сайынғы он пайыздық жарнадан бөлек кәсіпкерлер жұмысшыларына өз есебінен 5 пайыз мөлшерде зейнетақы жарнасын аударуы тиіс. Ереже кезең-кезеңімен жүзеге асады. Төлем 1,5 пайыздан 5 пайызға дейін өседі. Ал зейнетақы қорына аударылатын сома ең төменгі жалақы мөлшерімен есептеліп, 50 айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс.

Фото: kursiv.kz