Қызылшаның таралуын тоқтату керек - Әлихан Смайылов

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қызылшамен сырқаттанушылықтың күрт өсуі күн тәртібінен тыс қаралды. Премьер-Министр елімізде аурудың таралуын мүмкіндігінше тезірек тоқтату керектігін атап өтті.
«Қызылша асқынып кетсе, балалардың денсаулығына аса қауіп төндіреді. Сондықтан онымен тек денсаулық сақтау жүйесі ғана емес, бүкіл қоғам болып күресуіміз қажет. Бала денсаулығы басты назарда болуы тиіс. Вакцина алуды күшейту керек, мұндай қауіпті вируспен басқаша күресу мүмкін емес», - деді Премьер-Министр Үкімет отырысында.
Бүгінде елімізде қызылшаның 17 мыңнан астам жағдайы тіркелген. Олардың 82%-дан астамы балаларға тиесілі, оның көбі вакцина алмаған балалар. Емдеуге жатқызылғандардың ішінде 30 бала жансақтау бөлімшелерінде ауыр жағдайда жатыр, 1 жасқа дейінгі балалар саны – 15.
Фото: qazaqstan.tv