Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

1 қаңтардан бастап газбен жүретін көліктерге арнайы белгі жабыстыру міндеттеледі

1 қаңтардан бастап газбен жүретін көліктерге арнайы белгі жабыстыру міндеттеледі

1 қаңтардан бастап газбен жүретін көліктерге арнайы белгі жабыстыру міндеттеледі. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті хабарлады.

«Газбен жүретін автокөліктердің жабық тұрақтарға кіруіне тыйым салынған. Дәл осындай автомобильдерді анықтап, сәйкестендіру және мұндай тыйымдарды әкімшілендіру үшін арнайы белгі енгізілді», - дейді комитет төрағасы Қуаныш Елікбаев.

Арнайы белгіде «GAS» деген жазу мен леп белгісі бар сары түсті теңбүйірлі үшбұрыш бейнеленген. Бұл белгі жабық паркингтерге кірген кезде көлік оңай танылатындай етіп орнатылуы тиіс.


Фото: kolesa.kz