Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Модульдік оқыту қағидаты, оның артықшылықтары

Қазіргі білім парадигмасы мен философиясының өзгеруі білім беру жүйесі қызметкерлерін оқытудың ақпараттық және компьютерлік технологияларға негізделген сапасымен қарқындылығын қамтамасыз ету қажеттілігін талап етуде. Білім беру ұйымдары іс — әрекетінің негізгі нәтижесі тек білім , іскерлік және дағды жүйесі ғана емес,  керісінше зиялы саяси қоғамдық, коммуникациялық,  ақпараттық және басқа салаларындағы мемлекет тапсырыс беріп отырған негізгі құзыреттіліктердің жиынтығы.
Модульдік оқыту технологиясы – білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.
“Модульдік оқыту технологиясы” деп аталған педагогикалық технология нұсқасын жасағанда “толық меңгеру” әдітемесінің негізгі қағидалары ұстанылған. “Толық меңгеру” әдістемесінің негізгі идеяларын 1960 – жылдары американ психологтары Д.Ж.Кэррол және Б.Блум ұсынған. Олардың пайымдауынша бала қабілеті қолайлы жағдай жасаған кезде оның оқу темпімен анықталады. Қазақстанға да бұл жүйе біртіңдеп еніп келеді. Қазақ радиосының «Ой-түйін» бағдарламасының бүгінгі саны осы, «модульдік оқыту жүйесіне» арналды.

Спикерлер: ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік саясаттың Ұлттық мектебінің профессоры, саяси ғылымдардың кандидаты Дастан Көшербаев, осы академияның Басқару институты директорының орынбасары м.а. Әсемгүл Мұсатаева, Білім беру қызметі,, сапа секторының меңгерушісі Шырын Сисенғалиева. Толығырақ эфирдің аудио және видео нұсқасында...