Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Нұртас Солтанұлы «Қазақ радиолары» ЖШС Бас директоры қызметіне тағайындалды

Нұртас Солтанұлы «Қазақ радиолары» ЖШС Бас директоры қызметіне тағайындалды

Журналист Нұртас Солтанұлы «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты «Қазақ радиолары» ЖШС Бас директоры қызметіне тағайындалды.

39 жастағы Н.Солтанұлы 2019 жылдан «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы «Altai» телеарнасын басқарды. 2006-2011 жылдар аралығында «Qazaqstan» телеарнасы ақпараттық бағдарламалар дирекциясының тілшісі, 2011-2019 жылдары  «Qazaqstan» телеарнасының Ресейдегі меншікті тілшісі болды.

«Нұртас Солтанұлы Корпорацияда 18 жылдан бері еңбек етіп келеді. Соңғы төрт жылдан астам уақыт аймақтық арнада өте табысты қызмет атқарды. Енді жинаған тәжірибесі мен кәсіби білімін Қазақ радиосын бәсекеге қабілетті етуге жұмсайтынына сенеміз. Радионың алдына қойылған міндет -  ұлттық сипатын сақтай отырып, одан әрі дамыту, заманауи, озық медиаға айналдыру», - деді Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.