Бақтиер Зайнутдинов Ұлттық құраманың алдағы ойындарына қатыспайды
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бақтиер Зайнутдинов Сан-Марино және Словениямен өтетін матчтарға қатыса алмайды, деп хабарлайды qazradio.fm.
ҚФФ мәлімдеуінше, Бақтиер «Бешикташ» – «Ыстамбұл Башакшехир» матчында мұрын сүйегі мен көз ұясының негізін сындырып алған. Жарақытнан толықтай айығуы үшін кемі 2-3 апта уақыт кетеді.
"Жоспар бойынша Бақтиер Зайнутдинов ұлттық құрама сапына бүгін қосылу керек болатын. Өкінішке қарай, оқу-жаттығу жиынын және шешуші екі ойынды жіберуге мәжбүр",- деп жазды федерацияның баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін Бақтиер Зайнутдиновқа ресми түрде диагноз қойылып, ота жасалғаны айтылған еді.
Фото: ҚФФ