Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Е.Бәпи: Бұл не деген “алтын құрылыс” екенін түсінбеймін

Е.Бәпи: Бұл не деген “алтын құрылыс” екенін түсінбеймін

Мәжілістің жалпы отырысында Депутат Ермұрат Бәпи елордадағы құрылысы әлі бітпеген үшінші ЖЭО жайлы айтты.

"Астанадағы үшінші ЖЭО-ны салып жатқанына 14 жылға жуықтады. Оның ең басты қызығы мынада - жыл сайын құрылыстың құны өсіп бара жатыр. Алғашында 86 млрд теңге болған құрылыстың құны 122 млрд теңгеге көтерілген. Енді биыл бағасын тағы 54 млрд теңгеге көтеріп отыр. Бұл не деген “алтын құрылыс” екенін түсінбеймін. Жылы жақтан көшіп келдік. Биыл қыс қатты болады деген жорамал бар. Биылғы қыста Астана халқымен бірге қатып қалмаймыз ба?", - деді депутат.