Президент "Оңтүстік" және "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына жаңа қолбасшылар тағайындады

Мемлекет басшысының өкімімен "Оңтүстік" және "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің жаңа қолбасшылары тағайындалды, деп хабарлайды qazradio.fm.
Мемлекет басшысының өкімімен Қуанышбек Өскенбайұлы Үштаев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды, ол «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды;
Жеңіс Мұхамедқалиұлы Маралов «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды.
Сонымен қатар Мереке Мәтімұлы Көшекбаев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.
Фото: Ақорда