Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«Өзенмұнайгаз» бас директорының бұрынғы орынбасары ұсталды

«Өзенмұнайгаз» бас директорының бұрынғы орынбасары ұсталды

Қаржылық мониторинг агенттігі «Өзенмұнайгаз» АҚ Бас директорының бұрынғы орынбасары Е.Қарамырзаевтың ұсталғанын хабарлады.

Ол өз қызметін пайдаланып, «КЕЗБИ» ЖШС-ның және «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның басқа да мердігер ұйымдарының заңды кәсіпкерлік қызметіне кедергі деп күдіктеліп отыр.

Қарамырзаев конкурстың жекелеген қатысушыларының біліктілік талаптарына сәйкес келмейтінін және мұнай-газ саласындағы жұмыс тәжірибесі туралы жалған құжаттар ұсынғанын біле тұра, оларды тендерге қатыстырған. Өзінің заңсыз әрекеттерімен  «КЕЗБИ» ЖШС-ның заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіріп, 1000-нан астам қызметкердің құқығын бұзған.