Бизнес жүргізу мәселелері
Осы аптада Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен жалпы отырыс өтіп, онда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
Заң жобасы арқылы енгізілген өзгерістер мен толықтырулар кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайын жақсартуға, мемлекеттік бақылау жүйесін ретке келтіруге, оларды жүргізудің ашықтығына кепілдік беруге, сондай-ақ бизнеске жүктемені азайтуға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге және тұтынушылар, кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекет мүдделерінің теңгерімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Енді осы ақпаратты тарқатып, талқылау үшін дәл осы заң жобасына жетекшілік жасаған Мәжіліс депутаты, Экономиаклық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Болатбек Нажметдинұлымен сұхбаттасқан едік. Сол сұхбатқа құлақ түріңіздер!