Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Келер жылы «Келешек» бағдарламасы іске қосылады

Келер жылы «Келешек» бағдарламасы іске қосылады

Елімізде келер жылы «Келешек» бағдарламасы жұмыс істей бастайды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті.

«Бүгінде «Келешек» бағдарламасына заңнамалық өзгерістер енгізіліп жатыр. Білім туралы, жинақтаушы жүйе және басқа да заңдарға өзгерістер енгізу қажет. Банктер әлі анықталған жоқ, олар бағдарламаның серіктесі болады. Жоғары қаржылық тұрақтылыққа ие банктер болатыны түсінікті. Сонымен қатар Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банктің өз талаптары болады», - деді Саясат Нұрбек Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Министр 6-7 банк аталған бағдарлама серіктесі болады деп болжап отыр. Сондай-ақ, С.Нұрбек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келер жылы 1 қыркүйекте балаларға арналған арнайы жинақтау жүйесін енгізуді тапсырғанын айтты.

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми телеграм-каналынан