Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

ЕЛОРДАДА КОЛЛЕКЦИОНЕР-ЭТНОГРАФ БАХАРГҮЛ ТӨЛЕГЕННІҢ «ЖАУҺАР ЖӘДІГЕР» АТТЫ КӨРМЕСІ ӨТЕДІ

ЕЛОРДАДА КОЛЛЕКЦИОНЕР-ЭТНОГРАФ БАХАРГҮЛ ТӨЛЕГЕННІҢ «ЖАУҺАР ЖӘДІГЕР» АТТЫ КӨРМЕСІ ӨТЕДІ

4 шілде күні сағат 12:00-де Nur Alem болашақ энергиясы музейінде, Астана қаласының 25 жылдығына орай, коллекционер-этнограф Бахаргүл Төлегеннің «Жауһар жәдігер» атты көрмесінің ашылу рәсімі өтеді.

Бахаргүл Төлеген – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Əдемі-Ай» ұлттық кəдесыйлар компаниясының директоры, Астана қаласы мәслихатының депутаты. Ол қазақ халқының қолданбалы антикварлық бұйымдарын 20 жылдан астам уақыт бойы жинап, халыққа таныстырып келеді.

«Жауһар жәдігер» көрмесінде мәдени құндылығы аса жоғары, бірнеше ғасырлық тарихы бар 1000-нан астам жәдігерлік бұйым қойылған. Олардың барлығы – Орталық Азия және қазақ халқының сирек кездесетін бағалы қолөнер бұйымдары. Көрмеде б.з.д. III – I ғғ. Кушан патшалығының археологиялық артефактілері мен VI – ХII ғғ. жататын тарихи құнды дүниелер кездеседі.

«Көрмені ұйымдастырудағы мақсатымыз – ұмыт қалып бара жатқан ата-бабамыздың көне, бай мұрасын жинап, жаңа буынға, жас ұрпаққа таныстыру, аманаттау», - дейді  коллекционер-этнограф Бахаргүл Төлеген.

Елорда тұрғындары мен қонақтары көрмеге келіп, этнографиялық бұйымдардың бай коллекциясымен, тамыры терең тарихи жәдігерлерімізбен таныса алады.

Көрме Бахаргүл Төлеген мен «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы, Астана қаласының әкімдігі, «AMANAT» партиясымен бірлесіп ұйымдастырылған.



Қосымша ақпарат үшін төмендегі мекенжайға хабарласыңыздар:

ademi_ai_astana@mail.ru, +7 708 341 6163, +7 777 651 9169