Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«1қазан - Радио күні» қарсаңында Серіктестік қызметкерлері марапатталды

«1қазан - Радио күні» қарсаңында Серіктестік қызметкерлері марапатталды

Бүгін Мәдениет және ақпарат министрлігі «Қазақ радиолары» ЖШС қызметкерлерін Радио күнімен құттықтап, марапаттады. Марапатты «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы Басқарма төрайымының орынбасары Азамат Кеңесұлы табыстады.

Ақпарат саласының «Еңбек ардагері» төсбелгісімен Аманжан Еңсебайұлы мен Алтын Иманбаева марапатталды. «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісін Серіктестіктің Ақпараттық-сараптау қызметінің жетекшісі Алмас Байдрахман және Алматы студиясының жүргізуші редакторы Мөлдір Жанбай иеленді.

Сондай-ақ бірқатар қызметкерлер Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның атынан Алғыс хат иеленді.



Мереке құтты болсын!