1 қазан – Радио күні: Аида Балаева радио қызметкерлерін құттықтады

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева радио қызметкерлері мен ардагерлерді мерекемен құттықтады.
Мемлекет басшысының бастамасымен 2021 жылдан бастап 1 қазан – «Радио күні» датасы болып белгіленді. Осыған орай ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева сала қызметкерлері мен ардагерлерді кәсіби мерекемен құттықтады.
Министр радионың бүгінгідей жылдам ақпарат дәуірінде жаңалықтың негізгі қайнар көзіне, мәдениет пен руханияттың жаршысына айналғанын айтып, радио ақпарат тарату құралдарының көптігіне қарамастан, әлі күнге дейін халықтың сұранысына ие болып отырғанын айтты.
«Еліміздің бірнеше қаласында «Қазақ радиосы» көшелері бар. Сондай-ақ елорда көшелерінің бірі атақты диктор Әнуарбек Байжанбаевтың есімімен аталады. Барша радио саласы қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтаймын! Баршаңызға шығармашылық табыс, жемісті жұмыс тілеймін!»,- деді Мәдениет және ақпарат министрі.