Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«Қазақстанда жасалған» тауарлар тізілімін қалыптастыру бойынша пилоттық жоба басталды

«Қазақстанда жасалған» тауарлар тізілімін қалыптастыру бойынша пилоттық жоба басталды

«Е-КТРМ» техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі шеңберінде «Қазақстанда жасалған» тауарлар Тізілімін қалыптастыру және жүргізу бойынша функционал құрылды, 

ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, функционал қазақстандық тауар өндірушілерге өздері өндіретін тауарлардың атауларын көрсетілген Тізілімге ерікті бастамашылық негізінде енгізуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда бірнеше танымал өндірушілер Тізілімге енгізілген.


Көрсетілген белгіге және оны пайдалану тәртібіне қойылатын талаптарды белгілейтін ұлттық стандарттар әзірленіп қабылданды. Өңірлерде Тізілімнің таныстыру жұмыстары өткізіліп, оны енгізу мақсаттары түсіндірілді.

«Бүгінде «Қазақстанда жасалған» белгісін қазақстандық тұтынушылар отандық өндірістің символы ретінде мойындап отыр. Алайда оны жосықсыз пайдалану фактілері бар. Осыған байланысты дүкендерді қолдау шараларын кейіннен енгізу мақсатында Министрлік пилоттық жобаға бастамашылық жасап, оның барысында барлық мәселелер пысықталатын болады», - деп ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев атап өтті.




Деркккөз: inform.kz

Фото: gov.kz