Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Respublica партиясының III съезі: орталық пен өңірлердің мақсаттарын айқындау

Respublica партиясының III съезі: орталық пен өңірлердің мақсаттарын айқындау

Ақмола облысында өткен Respublica партиясының көшпелі кезектен тыс III съезінің жұмысы аяқталды. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 165 делегат – тең төрағалар, Мәжіліс және түрлі деңгейлі мәслихат депутаттары, филиал басшылары мен партия белсенділері жиналып, партия қызметін дамытудың өзекті мәселелерін талқылап, тәжірибе алмасты.

Съезд өтетін орын кездейсоқ таңдалған жоқ. Қазақ көсемдері мен қолбасшылары Бұрабай көлінің жағасына жиналып, белгілі кезеңнің қорытындысын шығарып, өмірлік стратегиясын айқындағандарын тарихтан білеміз. Көкше тауының етегінде ру басшылары Абылайды қазақ хандығының басшысы деп жариялап, оны ақ киізге көтерді. Партия ұжымы осынау киелі мекеннің қуатына толығып, ата-баба рухын сезіну үшін осында жиналды.

Съезд аралық нәтижелерді шығаруға, азаматтардың өтініштерін талдауға және жақын арада міндеттерді айқындауға арналған «сағаттар синхронизациясына» айналды.

«Respublica» партиясының төрағасы, Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының жетекшісі Айдарбек Қожаназаров әріптестеріне фракцияның соңғы үш айда атқарған жұмыстары туралы баяндап берді. Мәжіліс депутаттары заң шығару жұмысын ұйымдастырудағы тәжірибелерімен бөлісті.

Еске сала кетейік, Парламенттегі бірінші сессияда фракция депутаттары үш заң жобасына бастамашы болып, түрлі заңдарға 195 түзетудің авторы болды, жалпы отырыстарда 33 рет сөз сөйледі, түрлі заң жобалары бойынша үш жұмыс тобын басқарды.

Фракция ауыл мен қала өмірінің айырмашылығын жоюға, шағын және орта бизнестің мүддесі үшін, букмекерлік кеңселер мен лотереялардың қызметін шектеу, синтетикалық есірткінің таралуына және вейптерді сатуға қарсы, жүргізуші куәліктерін шығарудағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы, онкологиялық науқастардың мүдделері мен  инклюзивті қоғам құруға белсенді күресуде.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы саласындағы мәселелер мен проблемаларды шешу жолдары айтылды: астық және сүт өнімдерін шетелдік жеткізушілердің баға демпингі, өнімді экспорттау және ауыл шаруашылығы техникасын лизингке беру мәселелері. Осы бастаманың арқасында елімізге Ресей Федерациясынан қауіпті сүт өнімдерін әкелуге тыйым салуға қол жеткізуге мүмкіндік туды.

Фракция білім саласына, қосымша білім беру саласындағы мұғалімдердің жалақысын көтеруге және олардың жағдайын жақсартуға үлкен көңіл бөлуде.

Съезд аясында партия мүшелеріне арналған оқыту семинарлары өтті. Еліміздің жетекші сарапшылары саяси коммуникациялар, қазіргі әлемдегі саяси партиялардың рөлі және өзгерістер стратегиялары бойынша тренингтер өткізді.

Съезд барысында бірқатар ұйымдастырушылық мәселелер бойынша шешім қабылданды. Жарғыға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бекітіліп, Орталық кеңестің жаңа құрамы сайланды. Облыстар мен қалаларда беделді партия мүшелерін қамтитын аймақтық кеңестер құру ұсынылды. Қуатты ел дегеніміз – ол мықты өңірлер, сондықтан да белсенділік жергілікті жерлерден басталады.

Сонымен қатар, «Respublica jastary» жастар бірлестігін құру туралы шешім қабылданды. Бұл өте маңызды бағыт, өйткені өңірлерді аралау барысында депутаттар партия қатарына қосылып, еліміздің дамуына үлес қосқысы келетін жастардың қатарын кездестіреді.

Айта кету керек, "Respublica" өзін мета-партия ретінде көрсете отырып, қағазға басылған материалдардан бас тартты. Съездің барлық ақпараттық материалдары сандық папкаға орналастырылған, делегаттар мәліметтермен QR коды арқылы кіріп, танысты. Сондай-ақ съезге онлайн дауыс беруге және оның нәтижелерін бірден көруге мүмкіндік беретін мобильді қосымша әзірленді.

«Өткен кезең біздің Парламент пен барлық деңгейдегі мәслихаттардың биік мінберлерінен өз пайымын батыл жариялайтын, онымен санасатын, оның ниетін шындыққа айналдыратын алып саяси күш екенімізді көрсетті. Бұл ұзақ жолдың басы ғана.

Бізге сеніп, сапалы саяси трансформацияларды күтіп отырған «Respublica» партиясына атсалысқандардың барлығына алғыс айтқым келеді. Біз тек алға ұмтылып, нәтижелі әрекет етіп, ортақ іс үшін еңбек етуді көздеп отырмыз.

Біздің ең басты құндылығымыз – артымыздан ерген, бізге ұмтылғандардың сенімі. Қарапайым қазақстандықтарды толғандыратын мәселелерді шешуді жалғастырамыз»
, - деді партия төрағасы Айдарбек Ходжаназаров.

Съезд барысында партияның үлкен жеңісі белгілі болды. Үкімет вейптерге, оларға қосылатын хош иістендіргіштерге және электронды сұйықтықтарға тыйым салу туралы бастаманы қолдады. Мәжілістің пленарлық отырысында ҚР Премьер-Министріне депутаттық сауалды «Respublica» партиясы фракциясының мүшесі Нұргүл Тау айтты. Енді бұл тыйымды бекіту үшін заңнамалық актілерге өзгерістер енгізілуі керек.

«Respublica» партиясы қазақстандықтар өмірінің әртүрлі салаларындағы қайта құруға бағытталған сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмысын жалғастыруда. Партияның басымдықтары – қазақстандықтардың әл-ауқатын көтеру, кәсіпкерлерді қолдау, еліміздің дамуы.