Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Сайлауалды үгіт материалдарын радиоарналарға орналастыру талабы

Сайлауалды үгіт материалдарын радиоарналарға орналастыру талабы

«ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ» ЖШС 2023 жылғы «05» қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасының пилоттық аудандары мен облыстық маңызы бар қала әкімдерін тікелей сайлау арқылы қатысатын кандидаттарды белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар ұсыну арқылы сайланатын кандидаттардың сайлауалды үгіт материалдарын радиоарналарға орналастыру үшін эфирлік уақыт беруінің жалпы шарттары


«ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ» ЖШС (бұдан әрі - ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ), «Қазақ радиосы» радиоарнасынының (бұдан әрі - радиоарна) атынан, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес, сайлауалды үгіт материалдарын (бұдан әрі – Үгіт материалдары) орналастыру үшін радиоарнада эфирлік уақыт беру шарттары мен тәртібі, төлем мөлшері туралы хабарлайды.

Радиоарна Қазақ радиосы мен 1) Қазақстан Республикасының аудандары мен облыстық маңызы бар қалалары әкімдігіне Саяси партия ұсынған Кандидат арасында немесе Саяси партияның уәкілетті өкілі арасында (бұдан әрі – Саяси партия);

2) Қазақстан Республикасының аудандары мен облыстық маңызы бар қалалары әкімдігіне Кандидат немесе Кандидаттың уәкілетті өкілі арасында жасалатын жазбаша шарт негізінде және радиоарна бекіткен монтаждау парақтарына сәйкес эфирлік уақыт береді. Сонымен қоса, монтаждау парақтары жазбаша өтініш берілген күні радиоарнада бар техникалық мүмкіндіктерге сәйкес, яғни радиоарнаның эфирлік уақытының жоспарлы уақыт аралығында жарнаманың болуына және/немесе болмауына қарай, Үгіт материалдарының эфирге жоспарлы шығуына дейін күнтізбелік 3 (үш) күн бұрын әзірленеді.

Радиоарнада эфирлік уақыт беру төмендегі Үгіт материалдарын орналастыру жолымен жүзеге асырылады:

1) қазақ тілінде хронометражы 10 (он) секундтан кем емес аудио және бейнероликтер;

2) өзге де Үгіт материалдары.


Саяси партияның/Кандидаттың не болмаса оның уәкілетті өкілінің ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ басшысының атына жазған жазбаша өтініші эфирлік уақыт беру туралы шарт жасау үшін негіздеме болып табылады.

Үгіт материалдарының саны, хронометражы, эфирге орналастыру жоспарланған күн мен уақыт Саяси партияның/Кандидаттың не болмаса оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі, кейіннен олар шарт талаптарымен бекітіледі.

Өтініш Саяси партиялардың/Кандидаттардың өтініштерін тіркеу журналында, кезектілік тәртібімен, әр жазбаша өтінішке реттік нөмір тағайындау және өтініштің келіп түскен күнін белгілеу жолымен тіркеледі.

Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуі керек:

1) Саяси партияның/Кандидаттың тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

2) Саяси партия/Кандидат өкілінің уәкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;

3) өтініш берген тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;

4) шарт жасау үшін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар.

Радиоарна эфирінде Саяси партиялардың/Кандидаттардың Үгіт материалдарын орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу ретімен не болмаса, егер өтініштер бір уақытта келіп түскен жағдайда, жеребе бойынша белгіленеді. Жеребе өткізу тәртібі мен шарттарын ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ белгілейді.

Егер жазбаша өтініш келіп түскен сәтте, сұратылып отырған уақыт ертерек жүгінген басқа Саяси партияға/Кандидатқа берілген болса, немесе техникалық мүмкіндіктерге байланысты берілуі мүмкін болмаса, ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ радиоарнаның техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып Саяси партияға/Кандидатқа үгіт материалдарын орналастыру үшін басқа уақыт ұсынады.

Үгіт материалдары радиоарнада эфирге жоспарлы шығуына дейін кем дегенде күнтізбелік 3 (үш) күн бұрын ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ ұсынылуы тиіс.

Үгіт материалдары төмендегі талаптарға сай болуы тиіс:

Үгіттік аудиоматериалдар (аудиороликтер), WAV-форматында-дискреттеу жиілігі -48000 Гц, разрядтылығы – 24 бит, стерео, жазба деңгейі -9-дан -6 дб-ға дейінгі файлда ұсынылады.

Үгіт материалдар сыртқы тасуыштарда (қатты диск, флеш карта) беріледі.

Электрондық тасымалдағышпен бірге эфирлік уақыт беру туралы шартқа қол қоюға уәкілетті тұлғаның қолы қойылған, Үгіт материалының мазмұны болып табылатын мәтіннің түсіндірмесі, суреттері Үгіт материалдарында пайдаланылған тұлғалардың жазбаша рұқсаттары, ал олар қайтыс болған жағдайда – мұрагерлерінің жазбаша рұқсаттары, жарнамалық материалдарда кәмелетке толмаған балалардың суреттері пайдаланылған жағдайда – ата-аналарының, қамқоршыларының, жанашырларының жазбаша рұқсаттары беріледі.

Үгіт материалдарында олардың төленуі, қаржыландыру көздері туралы дыбыстық немесе визуалды ақпарат болуы тиіс.

Үгіт материалдарын ұсынған Саяси партиялар/Кандидаттар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, соның ішінде авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнамаға сәйкес болуына дербес жауапты болады.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген тәртіп пен талап бұзылған жағдайда, сондай-ақ тиісті шарт талаптары бұзылған кезде Үгіт материалдарын эфирге шығару жүргізілмейді не болмаса бұзушылық жойылғанға дейін тоқтатылады.

Егер Үгіт материалдарында конституциялық құрылысты күштеп өзгерту, республиканың тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, топтық және тектік араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұру, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құру идеялары болса, ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ оларды эфирге шығарудан бас тартады.

ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ Үгіт материалдарында Қазақстан Республикасының аудандары мен облыстық маңызы бар қалалары әкімдігіне басқа да Кандидаттардың арына, намысына немесе іскерлік беделіне зиян келтіруі мүмкін ақпарат болған жағдайда оларды эфирге шығарудан бас тартуға құқылы.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген Өтініш берушілерге эфир уақытын беру шарттары мен тәртібі ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ -ның эфирлік және редакциялық саясатын, ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ-ның ішкі нормативтік құжаттарын ескере отырып жүзеге асырылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.

Радиоарнада Үгіт материалдарын орналастыру құны және тілі

*Роликтерді 30 секундтан артық тарифтеу секундына жүзеге асырылады

*Қосымша жеңілдіктер қарастырылмаған

Орналастыру құны Радиоарнаның барлық қолжетімді хабар тарату орталарында трансляциялауды қамтиды.

Жасалған шарт бойынша Радиоарнада Үгіт материалдарын таратқаны үшін төлем жасау ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ ұсынған төлем шоты негізінде, шот берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ жазбаша өтініштерді 2023 жылғы «05» қазаннан бастап, 2023 жылғы «31» қазанды қоса алғандағы мерзімге дейінгі аралықта, демалыс және мереке күндерін есептемегенде, сағат 10:00 бастап сағат 18:00 дейін (жергілікті уақыт бойынша), (үзіліс уақыты – сағат 13:00 бастап сағат 14:30 дейін), төмендегі мекенжайлар бойынша қабылдайды:

  •  «Қазақ радиосы» радиоарнада орналастыру үшін Астана қ., Д.Қонаев көш., 4, 4 қабат, В.4.079 телефон: 757 299.

Жазбаша өтініштер факсимильдік және Интернет байланыс арқылы қабылданбайды.

«ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ» ЖШС



Фото: gov.kz