Екінші деңгейлі нарықтағы баспана тағы арзандады

Елімізде соңғы бес айда пәтерлердің құны 5 пайызға дейін түскен. Бағаның төмендеуі республика бойынша 12 қалада байқалды.
Екінші нарықтағы үйдің ең арзаны Қызылордада – 1 шаршы метр баспана 234 мың теңге. Ал ең қымбат пәтер Алматы қаласында. Баспананың әр шаршы метрі 703 мың теңге деп бағаланған. Сарапшылар мұны сұраныстың азаюымен байланыстырады.
Фото: life09.kz