«KazSat-2» желісіндегі мемлекеттік телеарналар әдеттегідей хабар таратады – Қазтелерадио
«Қазтелерадио» АҚ қазақстандық KazSat-3 спутнигіндегі төтенше жағдайға байланысты OtauTV пакеттеріндегі кейбір қазақстандық және шетелдік телеарналар жұмыс істемей тұрғанын мәлім етті.
«Қазір «Қазтелерадио» АҚ Ғарыштық байланыс орталығымен бірлесіп KazSat-3 қызметін қалпына келтіру үшін жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл ретте KazSat-2 желісін пайдаланатын мемлекеттік телеарналар әдеттегідей хабар таратады. Барлық 567 радио-телевизиялық станция KazSat-2 резервтік жерсерігінен телеарналарды қабылдап, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратады», - деп хабарлады «Қазтелерадио» АҚ баспасөз қызметінен.
Фото: kazpravda.kz