Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Мемлекет басшысы Kazakhstan Paramount Engineering зауытының жұмысымен танысты

Мемлекет басшысы Kazakhstan Paramount Engineering зауытының жұмысымен танысты

Президент елорданың индустриалды нысандарын аралау барысында бронды дөңгелекті техника өндіруге және жаңғыртуға маманданған Kazakhstan Paramount Engineering зауытына да барды, деп хабарлайды Президенттің Баспсөз қызметі.

 Бұл компания 2013 жылы құрылған. Ол – Қазақстан мен Орталық Азияда дөңгелекті бронды техника шығаратын бірден-бір кәсіпорын.

 Қазақстан аумағында өз өндірісін ашу және бәсекеге қабілетті заманауи бронды техникаға сервистік қызмет көрсету, сондай-ақ түрлі міндеттерді орындауға арналған бронды дөңгелекті машина өндірісін өркендету аталған компанияның артықшылығы саналады.

Мемлекет басшысы осы саланы ілгерілетудің келешегі зор екенін ерекше атап өтіп, компанияны қорғаныс өнеркәсібіне маманданған отандық кәсіпорындарды дамытуға жан-жақты атсалысуға шақырды.