Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Астанадағы «Аула» клубына ерекше қажеттіліктері бар балалар тегін қатыса алады

Астанадағы «Аула» клубына ерекше қажеттіліктері бар балалар тегін қатыса алады

Республика күні қарсаңында елордада «Түрлі – тең» инклюзивті аула клубының салтанатты ашылуы болды. Барлығы клуб ай сайын 300-ден астам баланы қабылдай алады. Клубтың идеялық дем берушісі, бастамашысы және ұйымдастырушысы партия белсендісі Мұхтар Баймағұлов болды.

Клубтың ашылу салтанатына «Есіл» аудан әкімі Асылбек Есенбаев, Respublica партиясының Орталық аппараты басшысының орынбасары Игорь Копайлов, сондай-ақ, ерекше күтімді қажет ететін балалар және олардың ата-аналары мен ата-әжелері қатысты.

«Respublica партиясы жұмысының негізгі бағыттарының бірі – білім және денсаулық сақтау саласындағы сапалы реформалар, инклюзивті қоғам, балалардың қауіпсіздігі және олардың дамуы үшін тең мүмкіндіктер. Бүгінде Парламент Мәжілісіндегі партиялық фракция ерекше қажеттіліктері бар балаларға қатысты мәселелерді көтеріп, балалар мен жасөспірімдер арасында нашақорлық пен вейпингтің таралуына жол бермеу үшін күресуде. Мұндай үйірмелер балаларымыздың балалық шағын бақытты етуге көмектеседі», - деді Игорь Копайлов.

Ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін клуб дойбы және шахмат үйірмелерін ұсынады, жоспарларына физиотерапия кабинетін ашу, йога және дартс сабақтарын өткізу, бейнелеу өнері үйірмелері, домбыра тарту және робототехника кіреді.

«Балалар – әрбір мемлекеттің болашағы, біз бүгін Республика күні қарсаңында Есіл ауданында төртінші аула клубын ашып отырмыз. Аула клубтары – балаларды тарту, қарым-қатынас және дамыту орталықтары. Біз ерекше білім беруді қажет ететін балаларға үлкен көңіл бөлеміз және мұндай бастамаларды әрдайым қолдаймыз», - деді Есіл ауданының әкімі Асылбек Есенбаев.

Еңбек ардагері, инженер-құрылысшы, «Таң» татар-башқұрт мәдени орталығының вице-президенті болған Рафаил Аблаков клуб ұйымдастырушысына Абайдың қара сөздері жинағын сыйға тарта отырып: «Өскелең ұрпақ – келешектің иесі. Сіздер, жастар, жалпы адамзаттық құндылықтарды бекітіп, дәріптеп, Қазақстанның гүлденуіне өз үлестеріңізді қосатын азаматсыздар. Армандарыңыз орындалып, игі істеріңіз мұқтаж жандарға демеу болсын», – деді ақсақал.

«Есіл» ауданында барлығы үш аула клубы жұмыс істейді, оның екеуі Пригородный және Заречное елді мекендерінде орналасқан, сонымен қатар ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған төрт орталық бар.