Ләззат Ибрагимова "9-20-25" бағдарламасы әлі жоспарда екенін айтты
Орталық коммуникациялар қызметінде "Отбасы" банкінің басшысы Ләззат Ибрагимова жас отбасыларға арналған "9-20-25" бағдарламасын іске қосу мүмкіндігі туралы айтты. Бұл туралы qazradio.fm zakon.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
"Біз банктік облигацияларды шығаруды жоспарлап отырмыз. Арнайы жас отбасыларға арналған бағдарлама жасау қызық болар еді деп ойлаймыз. "Бақытты отбасы" мемлекеттік бағдарламасы бар. Оған көпбалалы отбасылар, мүгедектігі барларды тәрбиелеп отырған отбасылар, 1-2 топтағы мүгедектер және жетім балалар қатысады. Кейінгі уақытта жас отбасылар бір балалы екенін, бәрін басынан бастап жатқанын, бірақ баспанасы жоқ екенін, мемлекеттік қызметкер емес екенін, осы санатқа тұра алмайтынын жиі айтып жатады", - деп түсіндірді ол.
Бұл ретте ол ақша нарықтан тартылатындықтан, ондағы мөлшерлеме жоғары болуы мүмкін екенін атап өтті.
"Біз оны жоспарлап жатырмыз. Барлық шарттары, мүмкіндіктері мен тетіктері 2024 жылы нақты белгілі болады. Бұл бағдарлама әлі басталған жоқ, лимиті де жоқ. Бұл бағдарлама біздің жоспарымызда тұр. Есептеп жатырмыз", - деп түйіндеді "Отбасы банкі" басшысы.
Фото: pixabay.com