Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ғани Бейсембаев мектептерде қандай жағдайда смартфондарға шектеу қойылатынын түсіндірді

Ғани Бейсембаев мектептерде қандай жағдайда смартфондарға шектеу қойылатынын түсіндірді

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 2023 жылғы 5 желтоқсанда өткен үкімет брифингінде Қазақстан мектептерінде смартфондарды пайдалануға шектеулер енгізетін түзетулерге түсініктеме берді деп хабарлайды qazradio.fm. Бұл туралы  zakon.kz ақпараттық порталы жазды. 

Ғани Бейсембаев балалар сабақта сапалы білім алып, смартфонға алаңдамауы керек екенін атап өтті.

"Қазір балалар смартфонға алаңдайтыны белгілі. Мұндай шешім ата-аналар мен мұғалімдерден келіп түскен өтініштер мен шағымдардың нәтижесінде қабылданды. Тағы қайталап айтамын бұл заң жобасында смартфонды оқушылардың мұғалімдердің рұқсатынсыз сабақ кезінде пайдаланбауы көзделген. Бірақ сабақ аяқталғаннан кейін, сабақтан тыс уақытта оқушылардың ұялы телефон арқылы ата-анасымен байланысып, өзінің жағдайы туралы айту құқығы шектелмейді. Бұл шектеу тек сабақ кезінде ғана қолданылады", – деді Білім министрлігінің басшысы.

2023 жылғы 30 қазанда Мәжіліс депутаттары палатаның жалпы отырысында Қазақстан мектептерінде ұялы телефондарды пайдалануды шектеуді ұсынатын заң жобасын қарап, бірінші оқылымда мақұлдаған болатын.

Фото: pixabay