Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Степногорде апат болып, үйлер жылусыз қалды

Степногорде апат болып, үйлер жылусыз қалды

7 желтоқсанда Ақмола облысының Степногорск қаласында кварталішілік жылу магистралінде апаттық жағдай орын алды. Бұл туралы Kazinform агенттігі хабарлады.

Апат салдарынан бірқатар көпқабатты үйлерге жылу беру тоқтатылды. Қалпына келтіру жұмыстарын жою және үйлестіру үшін облыс әкімі М.Ахметжановтың төрағалығымен жедел штаб құрылған.

«Степногорск Теплотранзит» ЖШС мамандары апатты жою және азаматтардың үйлеріндегі жылуды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Қала тұрғындары қазіргі жағдайдан хабардар етілген. Жақында жылу қайта беріледі. Жағдай тұрақты және жергілікті атқарушы органдардың бақылауында.

Фото: wikipedia