Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Үкімет мүшелерінің құрамы жасақталды

Үкімет мүшелерінің құрамы жасақталды

Бүгін елімізде Үкімет басы ауысты. Олжас Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалды және Үкімет мүшелерінің құрамы толық жасақталды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен:

  • Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі лауазымына;
  • Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына;
  • Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына;
  • Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы лауазымына:
  • Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымына;
  • Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына;
  • Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары лауазымына;
  • Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына;
  • Мәди Төкешұлы Такиев Қазақстан Республикасының Қаржы министрі лауазымына;
  • Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымына;
  • Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі лауазымына;
  • Айдарбек Сейпілұлы Сапаров Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі лауазымына;
  • Шыңғыс Сайранұлы Әрінов Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі лауазымына;
  • Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына;
  • Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымына;
  • Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі лауазымына;
  • Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына;
  • Саясат Нұрбек Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына;
  • Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі лауазымына;
  • Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына;
  • Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі лауазымына;
  • Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымына;
  • Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына;
  • Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына;
  • Арман Абайұлы Шаққалиев Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі лауазымына тағайындалды.