Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Сән-салтанат салығының ережелері әлі қаралып жатыр - Ержан Біржанов

Сән-салтанат салығының ережелері әлі қаралып жатыр - Ержан Біржанов

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов жаңа Салық кодексі Парламент қарауына қашан енгізілетінін нақтылады. Сонымен қатар, ол сән-салтанат салығының қағидаларына қатысты пікір білдірді.


«Жоспар бойынша жұмыс тобы құжатты дайындап, 15 мамырға дейін Парламентке енгізуі керек», - деді Е. Біржанов Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.


Оның айтуынша, сән-салтанат салығының қағидаларын талқылау әрі аяқталмады.


«Сән-салтанат салығы жаңа Салық кодексі аясында дайындалып жатыр. Осы сән-салтанат салығы бойынша нақты бір ережелер айқындалды деген шешім жоқ, себебі оның бәрі жаңа кодекспен бірге енгізіледі», - деді вице-министр.



Оның сөзіне қарағанда, қазір аталған сән-салтанат салығының нормаларын талқылау кезінде қандай да бір қарсылық кездеспеген.


«Қазір ұшақтар, яхталар және қымбат жеке тұрғын үйлерге қатысты мәселелер қаралып жатыр», - деді Ержан Біржанов.



Дереккөз: inform.kz

Фото: opennews.kz